- Негізгі бет
- Қазақстаным
- National Geographic объективіндегі...
National Geographic объективіндегі Қазақстан
National Geographic Society (ұлттық географиялық қоғам) әлемдегі ең беделді коммерциялық емес ғылыми танымдық мекемелердің бірі. National Geographic Society жер жаһанды 1888 жылдан бастап шарлап келеді. Әр елдің тарихи жәдігерлерін, ұлттық құндылықтарын әлемге паш етіп, әр жердің археологиясын, географиясын зерттейді.
National Geographic түсірген суреттер теңдессіз кәсібилігімен ерекше. Осы айтулы бірлестік Қазақстанға да келіп, еліміздің тұрмыс-тіршілігімен танысып кеткен болатын.
National Geographic Қазақстанды алманың, қызғалдақтың Отаны деп атады. "Адамзат тарихында жылқы малы алғаш рет үйретілген жер – Қазақстан" деп баға берді олар.
Ендеше National Geographic түсірген суреттер сөйлесін.
Автор: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: nationalgeographic.com
Р. Роза