Кселл компаниясы акциялық роуминг-тариф шығарып, шетелге шыққанда клиенттерінің артық шығындалмауына мүмкіндік жасады. Акциялар мен арнайы ұсыныстар Кселл мен актив абоненттеріне арналған. Бұл жаңалық ТМД, Еуропа, Азия мен Африкаға барған адамның қалтасына салмақ салмайтын болды. Мысалы, Kcell Travel қызметін қосқаннан кейін шығыс қоңыраулары мен қолданылатын интернет-трафик құны стандарт бағамен салыстырғанда, орта есеппен 78-98 пайызға азаяды. Бұл қызметті пайдаланушылар үшін 1 шілдеден бастап, әңгімелесудің бір минутының, смс-тің немесе мегабайттың құны ТМД елдерінде 59 теңге және қалған елдерде әлемнің 58 мемлекетінің кез келген операторының желісінде 69 теңге болады. Активтің "Супер роуминг" қызметіне қосылған абоненттер 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, стандарт ұсыныстың 87 пайызынан 98 пайызына дейін үнемдейді. ТМД-ның басқа елдері, Азия, Африка елдері үшін әңгімелесудің бір минутының, бір смс-тің немесе интернет-трафиктің бір мегабайтының құны 55 теңге болады.
"Тағы бір жақсы жаңалық – жуық арада біздің компанияның абоненттері Түркия, Қырғызстан, Грузия, Әзірбайжан, Гонконг, Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония, Швейцария, Австрия және Чехиядағы серіктестеріміздің желісінде 4G шапшаң интернетін қолдана алады", - дейді "Кселл" АҚ коммуникациялар бөлімінің жетекшісі Наталья Еськова.