KIOSH-2013 конференциясы Астанада өтеді

Астанада 25-26 сәуір күндері «Көрме» орталығында III қазақстандық халықаралық конференциясы мен KIOSH-2013 Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздігі көрмесі өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Іс-шара 28 сәуірде өтетін Бүкіләлемдік еңбек қорғау күнін мерекелеуге орайластырылды. KIOSH конференциясының жұмысы  өндірісте көз жұмған немесе жарақат алған жұмысшыларды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Салтанатты рәсімге ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов, «Қазақмыс» корпорациясы" ЖШС Басқарма Төрағасы Эдуард Огай, және басқалар қатысаады деп жоспарлануда", - делінген таратылған ақпаратта.

KIOSH 2013 көрмесіне Қазақстан, Ресей және Украинадан 43 компания өкілдері келеді. Сондай-ақ, KIOSH 2013 аясында ұлттық салалық «Сенiм» және «Қорған» байқауларының бірнеше аталымдары бойынша жеңімпаздарды марапаттау салтанаты ұйымдастырылады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің салалық «Сенiм» ұлттық байқауында дәстүрлі: «Жылдың үздік қауіпсіз кәсіпорны», «Еңбек қорғаудың үздік қызметі» және «Еңбек қорғаудың үздік инженері» аталымы бойынша 1, 2 және 3 орындар қарастырылған.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: tengizchevroil.com