2017 жылы болатын EXPO көрмесі бүкіл ел үшін маңызды шара болмақ. Сондықтан оның логотипін де бірге таңдайық! 9-22 шілде арасында өтіп жатқан онлайн дауыс беру арқылы "Болашақ энергиясы" көрмесінің мағынасын барынша ашатын белгіні таңдаңыз. Ұйымдастырушылар қандай нұсқалар ұсыныпты?
Жасыл энергия
Бұл логотип EXPO 2017-нің мағынасын ашып, Қазақстанның "жасыл технологияларды" таңдайтынын көрсетеді. Келешекте дәл осы сурет "Болашақ энергиясы" мен Астана және Қазақстанды әлемге таныстыратын белгі болуы мүмкін.
Жаңа өмір, өсу, өркендеуді білдіретін бүршік атылған бұтақтар бейнесі бір жағынан энергетиканы, екінші жағынан оның "жасыл" болатындығын білдіреді. Логотип бәрінің бастамасы Астана қаласы екенін көрсетеді.
Логотиптің тағы да бір мағынасы заманауи қоғамдық желілерді білдіреді екен. Астанадан бастау алатын бұл үлкен желі әлемге жайылып, "Энергетикалық қоғамдық желі" болатынын көрсетеді.
Пирамида
Пирамида – Астанада жиі кездесетін белгі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, пирамида белгісінің құрамында А әрпін көруге болады. Астананың белгілерінің біріне айналған Бейбітшілік пен келісім сарайының пішіні де пирамида.
Жалпы пирамида белгісі білім мен технологияларды білдіреді. Ал осы пирамида орындалған түстер – энергия, табиғат, технологиялар мен білімнің нышаны болмақ.
Осындай атауға ие болған логотиптің құрамында үй, күн, жел, су және жер белгілері бар. Қазақстан туының түстерінде орындалған логотип ерекше көрінеді.
Өзіне табиғат, технологияны біріктіріп, осындай көрмелерге тән динамика мен шығармашылықты білдіреді. Құрамдас элементтерді үйлестіру арқылы ерекше көрінеді.
Астана – болашақ қаласы
Қайта қалпына келетін энергия және толассыз өмірлік цикл символы. Шексіздік белгісі. Логотип пішіні Астананың бірінші А әріпіне де ұқсайды. Қарапайым, есте қаларлық белгі. Көгілдір жасыл және алтын түстері табиғат пен технологиялардың үйлесімін білдіреді.
АСТАНААстана елтаңбасының суреттері мен Самұрық құсын ортақтастыратын белгі. "А" әрпі ретінде жасалынған логотип жаңашылдық пен дәстүрлілікті біріктірген. Бұл Астананы әлемге мәдениет орталығы және технологиялар ордасы ретінде таныстырады, әрі әлемді қазақ дәстүрлеріне жақындата алады.
Күн энергиясыЛоготип негізінде Қазақстан туындағы жарқыраған күн алынды. Редизайнға ұшыраған күн, көрменің мағынасына жақындатылып қайта жасалынды. Логотип күнді, энергияны, табиғатты білдіреді.
Жел энергиясыБұл логотип қалпына келетін энергия – күн, теңіз толқындары, Жердің магнит өрісі мен жел энергиясын білдіреді.
"Болашақ энергиясы" көрмесінде бұл белгі жарқын, қанық түстерден орындалады. Қарапайым, оңай символ бір қарағаннан көрменің жалпы ойы мен мағынасын толықтай аша алады.
Ал сіз қайсысын таңдайсыз?
Дауыс беру мына жерде өтіп жатыр
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: expo2017astana.com