EXPO-2017 дирекциясының басшысы белгілі болды

"EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу жөніндегі дирекция" ЖШС-ны Қаһарман Жазин басқарады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қаһарман Жазин Целиноград облысы Астраханка ауылында дүниеге келген, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Халық шаруашылығы академиясын тәмамдады. Химия ғылымдарының кандидаты ҚР Ұлттық ғылым академиясының фитохимия институтында ғылыми жұмыспен айналысты.

Бірнеше жеке компанияларда жұмыс істеді, 2006-2010 жылдар аралығында «Астана жаңа қала» АЭА департамент директоры және әкімшілік ету басқармасының бастығы, 2011-2012 жылдар аралығында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/xy-UnNsOhyI","width":"450","height":"240"});

EXPO-2017. Қазақстанның ірі мүмкіндіктері. (Жарнамалық ролик)

Астанада EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қала инфрақұрылымын дайындау және дамыту жөніндегі мамандандырылған құрылымды құру туралы шешім Халықаралық Бюро көрмелеріне қатысушы елдердің дауыс беру нәтижелерін шығарғаннан кейін қабылданды.

Дирекция еріктілер қызметін ұйымдастыру, логистика, қауіпсіздік, жарнамалық және маркетингтік қызметтер көрсету, қаланы дайындау, туризмді дамыту, кәдесый өнімдерінің саудасы және тағы да басқа мәселелермен айналысады.

Жаңа серіктестікті басқаратын мемлекеттік орган – «Астана жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілік ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: profi-forex.org