Көптен күткен 7 мамыр да келіп жетті. Әкеңізге, жігітіңізге, досыңызға не сыйларыңызды білмей, біраз ойланған боларсыз? Әлбетте, санаулы аксессуарды қанағат тұтатын жігіттер қауымын таңғалдыру қиын-ақ. Дегенмен біздің 8 наурызда әлдебір тосын сый күткеніміз сияқты, олардың да ерекше көңіл мен сыйлық тосатыны сөзсіз. Тіпті, жігіттер мына жерде өз наздарын айтып қалған болатын.
Иә, барахолканың галстугын сыйлайсыңдар деп ренжулері орынды-ақ. Бұл көбінде қалтаның ғана емес, идеяның да жетіспеушілігінен болып жатады. Сол себептен, бүгін жан-жақты қамтып, алдарыңызға сыйлық тізбегін жайып салғанды жөн көрдім.
Қыздар, сыйлық алуға аттанбас бұрын, мына кеңестерді бір шолып шығу артық болмас.
Ең алдымен әлбетте, жігіттің қызығушылығын ескеріңіз.
Сыйлықтың көшбасшысы – кітап. Ол қай ғасырда болмасын, қызықты, пайдалы сыйлық болып қала бермек. Сүйіктіңіз үшін махаббат туралы кітаптар таптырмас сыйлық болмақ.Бүгін – еліміздегі бар азаматтың мерекесі. Осы мерекеде жанына жақын азаматтарды қуанту да, мұңайту да нәзік жандылардың қолында. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін есте қаларлықтай етіп өткізулеріңізге тілектеспіз!
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: fafka.ru, ru.aliexpress.com, kiev.ko.slando.ua, buro.ru,
akak.ru, 320-8080.ru