Бүгін, 5 қазан Халықаралық архитектура күні. Алғаш 1985 жылы Халықаралық архитекторлар кеңесі әр жылы 1 шілде күні осы мерекені тойлауға шешім қабылдады. Ал 1996 жылы Барселонада өткен 20-шы Бас ассамблеяда Халықаралық архитекторлар кеңесі сәулетшілер күнін қазан айының бірінші дүйсенбісінде тойлауға келісті.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін негізі қаланған бұл мейрамның негізгі мақсаты соғыста қирап қалған қалаларды қалпына келтіріп, орнына жаңа құрылыс нысандарын тұрғызу болды.
Ал қазіргі кезде архитекторлар төл мерекесі қарсаңында бас қосып, архитекторлық мәселелерді шешуге, жаңа жобаларды таныстырып, тәжірибе алмасуға арналған отырыс, конференция, түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.
Архитекторларсыз еліміздің құрылысы дамымайды, қалаларымыздың көркі кірмейді. Қоғамдағы маңызды мамандықтың ұшын ұстаған сәулетшілерді бүгінгі мерекесімен құттықтаймыз.
Тың идеялардың жаршысы болып, қазақ жұртын елде жоқ жобалармен қуанта бергейсіздер!