- Негізгі бет
- Қазақстаным
- 44 градус ыстық:...
44 градус ыстық: Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
Фото:
Yernar Almabek\Massaget.kz
Елімізде алдағы күндері ауа райы температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі. "Қазгидрометтің" синоптиктері 22-24 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Болжам бойынша, оңтүстік және солтүстік облыстарды қоспағанда, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
23 шілдеде шығыста, 23-24 шілдеде батыста – найзағай, екпінді жел, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Т. Раушанұлы"Жауын-шашыннан басқа күндізгі ауа температурасы солтүстікте және орталықта 30-38 градусқа дейін, оңтүстікте 37-44 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 33-42 градусқа дейін көтеріледі. Тек республиканың батысында ауа температурасы біртіндеп 33-41-ден 25-33 дейін төмендейді", - делінген хабарламада.