- Негізгі бет
- Қазақстаным
- 31 қаңтар -...
31 қаңтар - Ұлттық аза тұту күні
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 31 қаңтар күнін Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Бұл жайлы Қазақстан Президенті Ақордада Құқық қорғау органдарымен жиналысты бастамас бұрын айтып өтті. Ол кеше, 29 қаңтар күні Алматыда болған ұшақ апатында Қазақстан азаматтары қаза болғанын айтты.
"Менің нұсқауым бойынша, апат себептерін анықтайтын және ұшу барысындағы қауіпсіздік шараларын жақсартатын арнайы үкімет комиссиясы құрылды. Сондай-ақ қаза болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды. Менің шешімім бойынша, 31 қаңтар - Ұлттық аза тұту күні болып жарияланады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мәжіліске қатысушылар қаза болғандарға бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті. Бұған дейін Елбасы апатта қайтыс болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтқан еді.
Естеріңізге сала кетсек, 29 қаңтарда СКАТ әуекомпаниясының DV760 "Көкшетау - Алматы" рейсін орындаған ұшағы апатқа ұшыраған еді. Апаттан 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі қайтыс болды.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: news.nur.kz
С. А