27 қараша күні Қазақстанның көп бөлігінде ашық-ауа райы сақталады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып хабарлады. Тек елдің батыс бөлігінде қар жауады.
Маңғыстау облысында күндіз жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Екпінді жел, сонымен қатар, Алматы облысындағы Алакөл аймағында тұрады деп күтілуде. Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, түнде Қарағанды, таңертең және күндіз Қостанай облыстарында тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кейбір аймақтарында әлсіз боран соғып, түнде тұман орнайды.
Астанада күн бұлтты болады. Қар жаумайды. 8-10 градус аяз болады. Алматыда да қар жаумайды деп күтілуде. Күндіз ауа-райы 6 градус шамасында болады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: kostanay.gov.kz