- Негізгі бет
- Қазақстаным
- 26 градусқа дейін...
26 градусқа дейін аяз: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото:
Yernar Almabek\Massaget.kz
"Қазгидромет" Қазақстан бойынша 27, 28 және 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжауынша, шығып жатқан антициклонның екпіні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де әсер етеді.
"Тек батыста, сондай-ақ 28-29 қаңтарда оңтүстік циклонның өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын жауады. Ал, таулы аудандарда қатты жаңбыр мен қар жауады", - делінген хабарламада.
Т. Раушанұлы