• 521.98
  • 490.7
  • 5.16

25°c-қа дейін аяз: 18-20 қараша аралығындағы ауа райы болжамы

25°c-қа дейін аяз: 18-20 қараша аралығындағы  ауа райы болжамы
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Қазгидромет мамандары 18-20 қараша аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты.

18-19 қарашада Антлантикалық циклон және атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжанады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болып, екпінді жел соғады. 

20 қарашада суық солтүстік-батыс антициклон келеді, соның ықпалымен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды. 

Алайда елдің батысы мен солтүстік-батысында кезекті циклонның салдарынан қайтадан жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 

Ауа температурасының ауытқуы Қазақстанның батысында түнде 0-5-тен 5-10-ға дейін аяз, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 5-15-тен 15-25-ке дейін аяз, оңтүстік өңірлерде 5-13-тен 8-16-ға дейін аяз, шығыста 2-10-нан 15-25-ке дейін аяз болады.

Т. Раушанұлы