Ақыт Үлімжіұлының ақыли сөздері

Уайым талабыңды шабандатар.

 

Тарда кеңдік, михнатта рахат бар.

Айналып тұрар дүние бір дөңгелек.

 

Талаптыны ер табар,

Талап нұрын ер жағар.

 

Әр талапты сынап өт,

Әр біреуін істеп кет.

 

Жаққан істен арылма,

Жақпағанға қайырылма.

Алдыңнан бір іс кез келсе,

Тұра жасып майырылма.

 

Талап қыл ғылым білуге,

Халық, жұрт боп жүруге,

Жұрт үшін іздеп ғылымды,

Қорлықсыз өмір сүруге.

 

Қайлалы жұрт – арыстан,

Қайласыз жұрт – көртішқан.

 

Талапты болып талпынбақ,

Тең құрбыдан озғызар.

Ерінбей еңбек қылсаңыз,

Қолыңды шыңға созғызар.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: kerey.kz