Алматы маңында 5,2 магнитудалық жер сілкініci болды

5,2 магнитудалық жер сілкінісі Алматы қаласының шығысында 41 шақырым жерде тіркелді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР БҒМ "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мекемесіне сілтеме жасап.

СТӘЭ-ның хабарлауынша, 4-5 арасындағы күшті зілзала 16 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 3.42-те тіркелген. "Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 41 шақырымда, Қазақстан аумағында орналасқан. Жерасты дүмпулері 10 шақырым тереңдіктен басталған. Тербелістің энергетикалық класы – 12.0. Жер сілкінісі координаттары солтүстік ендікте 43.30° және шығыс ендікте 77.40°. Зілзаланың әсері туралы мәлімет жоқ.

Ал Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметіне сенсек, зілзала магнитудасы 5,6 болған.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласында мұндай күшті зілзала 2011 жылдың 1 мамырында тіркелген. Онда зілзала магнитудасы 5,5-ке жеткен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: talgar-sity.kz, ©kndc.kz