"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанда 30 қарашаға, сондай-ақ 1 және 2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Болжам бойынша, аязды тудырған суық антициклон Қазақстан аумағынан біртіндеп кетеді.
"Оның орнын Қара теңіз аймақтарынан келетін жылы батыс циклондары басып, жауын-шашын, қар, көктайғақ, сондай-ақ ауа температурасының бірте-бірте көтерілуі күтілуде. Түркістан облысында 20 градусқа дейін ыстық болады", - делінген хабарламада.
2 желтоқсанда кезекті антициклон Республиканың Батыс облыстарына ауысатыны, соның салдарынан температура төмендейді. Батыста термометр түнде -5 градус, күндіз -3 градусты көрсетеді. Маңғыстау облысында 10 градус жылы болады. Республиканың Солтүстік-шығысында және Оңтүстік облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Айта кетейік, синоптиктер қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.