- Негізгі бет
- Қазақстаным
- 2-9 қараша күндері...
2-9 қараша күндері Алматының кейбір аудандарында суық су болмайды
Алматы қаласында су тарту жүйелерінің жоспарлы жұмыстарына байланысты 2-9 қараша күндері кей аудандарда суық су өшіріледі. Бұл жөнінде "Алматы Су" Холдинг" мемлекеттік жеке меншік кәсіпорны хабарлайды.
"Суық сусыз жүргізілетін су тарту жүйелерінің жоспарлы жұмыстарына байланысты 2 қараша сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін Жолшы (Дорожник) ықшам ауданы, №87 мектеп, "Шағала" балалар бақшасы, "Күлгін" тұрғын үй ғимараттары осы уақыт аралығында суық сусыз қалады", деп хабарлайды аталған Холдинг қызметкерлері.
Сонымен қатар, 6 қараша күндері Бостандық және Әуезов аудандарында күні бойы суық су ақпайды.
"6 қараша күні сағат 8.00-ден 7 қараша 8.00-ге дейін Саин көшесіндегі жер асты жолының жөндеу жұмыстарына байланысты Бостандық және Әуезов аудандарында мына жерлерде де суық су бомайды: Үлкен Алматы өзені - Шаляпин көшесі - Әуезов көшесі (Қалқаман ықшам ауданындағы) - Жандосов көшесі; Жандосов көшесі - Үлкен Алматы өзені - Саин көшесі - әл-Фараби даңғылы; Саин көшесі - Абай даңғылы - Әуезов көшесі (Қалқаман ықшам ауданындағы) - Жандосов көшесі", дейді холдинг қызметкерлері.
Сонымен қатар, 8 қарашадан 9 қарашаға дейін Бәйшешек көшесіндеге «Аэлита», «Хуторок» кешендері, «ЕрменсайВодГаз», педиатрлық институттарында суық су болмайды. Ал 9 қараша сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін "Арман" қалашығында, Таулы және Таттімбет көшелері бойындағы тұрғын үйлерде суық су өшіріледі.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: oreninform.ru
А. Әбілхан