"Парламенттен жобаны тоқтата тұрсақ деген ұсыныс түсті. Біз әрине, мүлдем тоқтатамыз деп айтпаймыз. 12 жылдық білім моделін қазіргі 11 жылға қосамыз" деді, Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов. Еліміздің бас мұғалімі бұл амалсыздан қабылданған шешім деп отыр. Өйткені, 12 жылдыққа көшуге бюджеттен қыруар қаржы керек екен. Ал, бұндай ақша қазынадан табылмай отыр. Оның үстіне елдегі білім ошақтары да сын көтермейді. Құлағалы тұрған білім ордаларының орнына әлі 149 мектеп салу қажет. Бұдан бөлек, ұстаздар мен оқулықтардың тапшылығы тағы бар.
"Енді қанша еңбекті жоқ қылып, тоқтатып тастауға болмайды. Қаншама мұғалімді әзірледік, кітаптарды жаңалап едік. Сонда бәрі босқа кете ме? Бұл Батыс елдерінде бар тәжірбие. Әрине тым қымбат жоба. Бірақ бас тартпауымыз керек", – дейді 12 жылдық білім беруді дамыту орталығының алғашқы жетекшісі Сәулеш Мұқанова.
сурет: headline.kz