Галапагос аралдарының құрамына кіретін Пинсонда жаңа туылған піл тасбақалар табылды, – деп жазады 24.kz.
Жануарлардың сирек кездесетін бұл түрі осыған дейін толық жоғалып кеткен еді. Олардың жаппай қырылуына аралға XIX ғасырда әкелінген қара егеуқұйрықтар шабуылы себеп болған. Егеуқұйрықтар тасбақалардың ұрықтары бар жұмыртқаларды жеп қойып, қырған. Піл тасбақа деп аталатын бұл түрдің ең соңғысы 2012 жылы 100 жасында өмірден өтті. Табиғат жанашырлары жоғалып бара жатқан тасбақаларды құтқару амалдарын жасады. Олар аралда қалған жұмыртқаларды жинап алып, басқа жақтарда өсіргеннен кейін Пинсонға қайтарып отырды. Ал экологтар аралдағы барлық егеуқұйрықтарды жойды. Енді Пинсоннан жаңадан туылған тасбақаларды тапқан ғалымдар: «Жануарлар өз бетінше көбейе береді және олардың болашағына төніп тұрған қауіп жоқ», - деген пікірде.
сурет: econet.ru