Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығыста және орталықта тұрақсыз ауа райы жаңбыр және найзағаймен сақталады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл күтіледі.
Қостанай облысында таңертең және күндіз кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде найзағай күтіледі. Маңғыстау, күндіз Қарағанда облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, түнде Алматы, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қостанай облысының кей жерлерінде, Қарағанда, Қызылорда, Түркістан облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыльоблыстарында, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
дереккөз: kazhydromet.kz