- Негізгі бет
- Қазақстаным
- 1 желтоқсанда Астанада...
1 желтоқсанда Астанада жаңа емхана ашылады
Астанада 1 желтоқсан күні жаңа амбулаториялық-поликлиникалық комплекс ашылады. Мекеме күніне 500 адам қабылайды деп күтілуде.
"1 желтоқсанда Астана қаласы Аманат көшесі мекен-жайындағы бір ауысымда 500 келушіні қабылдай алатын амбулаториялық-емханалық кешені ашылады. Амбулаториялық-емханалық кешен (АЕК) Оңтүстік Шығыс шағын ауданының оң жағында орналасқан. Аталған АЕК қуаты бір ауысымда 500 келушіге есептелген. Емхана бір аусымда 350 ересек келуші мен 150 баланы қабылдайды", - делінген Астана қаласының ресми сайтында.
Жаңа АЕК-ның күндізгі стационарына басшылық жағдайды барынша жақсы етуге тырысқан. Жоғары деңгейдегі зертханалық-сараптамалық бөлімшесінде ересектер мен балаларға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, №6 қалалық емханасы аумағына қарасты тұрғындарға толық көлемдегі стационарға балама бола алатын кең ауқымды қызмет көрсете алады.
Емханаға заманауи медициналық жабдықтар толтырылған. АЕК құрамында түрлі деңгейдегі хирургиялық операцияларды орындай алатын амбулаториялық хирургиялық орталық та бар. Мәселен, хирургиялық науқастарға эндоскопия және гинекология саласында ота жасауға болады.
Қоса кетелік, емханада оңтайландыру және қалпына келтіру емі, сумен емдеу, емдік дене шынықтыру бөлімшелері де бар.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: kiyany.obozrevatel.com