"Укока ханшайымы" немесе "Алтайдың ханшайымы" деген атау алған мүмие тамыздың тамаша күндерінде Алтайдың ұлттық мұражайында көпшілікке ұсынылатын болды.
Бұрындары мұражай басшылығы мүмиенің қуыршақ түріндегі бет-бейнесін (жасанды) көпшілікке ұсынғысы келіпті. Алайда, көпшілікті таң-тамаша естеліктен құр қалдырмас үшін, енді міне, нағыз әрі шынайы "Алтай сұлуы" жұртшылықтың ортасына келмек түрі бар.
Аталған шешімді көп жылдар бойына мұражайға жіті назар салып келген Алтай басшысы Александр Бердников қабылдапты. Білікті басшының сөзіне сенсек, "Укока ханшайымы" Алтай елінің бойтұмарына айналуы тиіс екен.
Айта кетсек, "Алтай ханшайымы" 1993 жылдың Ақ-Алах-3 қорғанында жүргізілген археологиялық зерттеу барысында табылған болатын. Қазіргі күнде зерттеушілер осы бір құндылықтың 2,5 мың жылдан бері тарихтан сыр шертіп жатқандығын анықтаған. Қазіргі таңда мүмие Новосибирск қаласында сақталып келеді. Тамыз айында Алтай тауына алынатын болып отыр.
Сурет:gifakt.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт