Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, № 13 автобус бағдарының жабылуына байланысты жолаушылар тасымалын ойдағыдай қамтамасыз ету үшін «Промышленный» тұрғын үй алабында, сондай-ақ, автобус бағдарларын оңтайландыру мақсатында 2013 жылдың 20 ақпанынан бастап №16 автобус қозғалысы бағдарын келесі бағытта ұзартуға шешім қабылданды:
Бастапқы «Ет комбинаты» аялдамасынан «Бесшалқар көшесіне» дейін, Балқантау көшесінің бойымен өзгеріссіз, одан әрі – Бесшалқар көшесі – Шалкөде көшесі, соңғы аялдама – «Промышленный» тұрғын үй алабы.
Еске салайық, қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша, №21 автобус қозғалыс бағдарының ұзартылуы мынандай болып еді: алғашқы «т/ж Вокзалы» аялдамасынан «Абылай хан» ТК-ге дейін өзгеріссіз. Одан әрі – Сарыкөл көшесі – Қошқарбаев көшесі – Жұмабаев көшесі – Айнакөл көшесі – Сарыкөл көшесі – Байтұрсынов көшесі, кері де осы қозғалыс сызбасы бойынша жүреді. Бұл шешім Сарыкөл көшесі жалғасының пайдалануға берілуіне және Байтұрсынов көшесіндегі көлік қозғалысының көбеюіне байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: tengrinews.kz