Соғыс жылдарындағы тағамдар

Соғыс жылдарындағы тағамдар
Фото: topnewsrussia.ru

Соғыс жылдары барынша аз ингредиент кететін әрі өте тойымды тамақтар жиі дайындалатын. Соғыс куәгерлері еске алатын майдандағы тағам түрлерін ұсынамыз.

Жауынгерлердің тамақтану үлесінің 80%-ын нан құрады. Ол кезде қарабидай ұны жетіспегендіктен нанға арпа ұнын қолданды. Кейде нан пісіруге картоп пен кебекті қолданған. Наннан басқа жауынгерлердің тамақтану үлесіне ботқалар мен сорпалар кірген.

Сарымсақ қосылған тары ботқасы

Бұл ботқаға тары, су, өсімдік майы, пияз, сарымсақ және пияз керек. 3 стақан суға 1 стақан жарма деп есептеу қажет. Ботқа дайындау үшін кәстрөлге су құйып, оған жарманы салып, отқа қояды. Табаға аздап май құйып, пиязды қуырады. Кәстрөлдегі су қайнаған соң оған қуырылған пиязды салып, ботқаны тұздайды. Ботқа тағы да 5-10 минут қайнайды, сол уақытта бірнеше сарымсақты ашып, ұсақтап турау керек. Соңында кәстрөлді оттан түсіріп, ботқаға сармысақты қосып, араластырады. Кәстрөлдің қақпағын жауып, жылы дәкемен орап қойса, ботқа буға жұмсара түседі. Мұндай ботқа дәмді әрі тойымды болады.

Ет қосылған макарон

Бұл тағамға ет, макарон, су және тұз қажет. Етті суға қайнатып, тұзын салады. Ет піскен соң оны бөліктерге бөледі. Еттің бульоны сорпа ретінде ішіледі. Басқа ыдысқа су құйып, макарон пісіреді. Макаронның үстіне туралған етті қойып ұсынады. Қазір әр үйде асүй жабдықтары болғандықтан, бұл тағамды дәмдірек ету үшін пешке салыңыз: туралған ет, суға піскен макарон және майға қуырылған пиязды араластырып, оны противеньге салып, 210 градуста қыздырылған пешке 10-20 минутқа салыңыз.

Сәбізден қайнатылған шай

Тазартылған сәбізді үккіштен өткізіп, кептіру керек. Содан соң оған қайнаған су құйсаңыз, сәбіз шайы дайын болады.

Бұршақ сорпасы

Бір күн бұрын кешкісін бұршақты суға салып қояды. Ол кездері бұршақты арпа жармасымен бірге суға салатын. Келесі күні бұршақты суға қайнатады. Оған тұз салады. Табаға пияз бен сәбізді қуырып, сорпаға салады. Қуыру мүмкіндігі болмаса, солай-ақ сала береді. Бұршақ дайын болып қалғанда сорпаға картоп пен тушенка салады.

"Макаловка"

Тушенканы қазанға салып, еріген кезде үстіне су құйып, туралған пияз салады. Оның атауында айтылғандай, бұл тағамға нанды батырып жейді.

Ащы көже

Қазанға бірдей мөлшерде ашытқан қырыққабат пен туралған картоп салады. Содан соң осы қоспаны жауып тұратындай етіп су құяды. Қазанды жай отқа қойып, бұқтырады. Оның дайын болуына 5 минут қалғанда сорпаға майға қуырылған пиязды салады және тұздайды. Тамақ дайын болғаннан кейін бетін жылы дәкемен жауып, жарты сағатқа қалдырады.

А. Жапатова