"Әке, екеуміз шеруге барамыз": Астаналықтар "Мәңгілік полк" шеруін жүріп өтті

Күні кеше бүкіл Қазақстан аумағында соғыстан кейінгі ұрпақтың батыр бабаларына деген тағзымының символына айналған "Мәңгілік полк" шеруі өтті. Нұр-Сұлтандағы патриоттық іс-шараға 25 мыңға жуық адам келді. Астаналықтар қолдарына кімнің портретін ұстағаны және олар қандай сезімге бөленгені туралы Tengrinews.kz тілшілері хабарлайды.

Маршрут "Қазақ елі" монументінен сағат 12: 30-да басталды. Бірнеше бағанға бөлінген қалалық тұрғындар Тауелсіздік даңғылымен Отан-Қорғаушылар алаңына қарай жүрді.

Соғыс жылдарындағы әндер естілген музыкалық колонкалар қосулы газелдер мен баннерлер шеру атмосферасын одан бетер арттырды.


Музыканы естілмеген жерде акцияға қатысушылар өздері әндете жөнелді. "Бұл менің әкем, ол 1941 жылдың тамызында соғысқа шақырылып, 1945 жылдың күзінде қайта оралған, ол Германияға дейін жетіп жарақат алған себепті елге қайтқан", - дейді Любовь Гесс. "Шеруге шығарда оған іштей "Әке, екеуміз бірге Жеңіс шеруіне барамыз" дедім. Мен оны мақтан тұтамын", - деді көңілі босап.

Кейбір шерушілердің жас ерекшеліктеріне байланысты оған ілесіп отырудың өзі оңайға тимеді.

"Менің әкем мен оның екі ағасы бірге майданға аттанды, үш ағайындының тек екеуі қайтып оралды, қайтыс болған адам қайда жерленгенін білмейміз, біздің жастардың ата-бабаларымыздың ерліктерін ешқашан ұмытпағанын қалаймын", - деді Клара Есеева шеруден қалмауға тырысып.

Шеруде үлкендер саны қанша болса, балалар да солардан қалыспады. Жас буын өз аталарының суреттер үлкен мәртебемен ұстап өтті.

"Мен атамның портретін алып келемін. Бұл кісі майданға өз еркімен сұранып барған, 1943 жылы ол жарақат алып, концлагерьге түскен, туыстары оны қайтыс болған деп ойлады. Бірақ менің әжемнің оның қайтып оралғанын түсінде көрген екен. Содан 1945 жылы 31 желтоқсанда Жаңа жылдық сыйлық болып атам үйге қайта оралған екен. Ол денсаулығының мықтылығының арқасында аман қалды. Нағыз батыр секілді алып денелі болатын", - дейді астана тұрғыны Сәуле Юсупбекова өзінің атасы туралы.

 "Өкінішке орай, соғыстан алған жарақаттары өз дегенін істемей қоймады. Атамыз 1946 жылы өмірден өтті. Бірақ, артында қалғаны ұрпағы, яғни, біз үшін ол осы суреттегідей мәңгі жас қалпында қала бермек",- деді Сәуле Юсупбекова.

Туыстарының портреттерін ұстаған кей адамдар маршпен жүріп өтпесе де, сырттай тамашалаумен болды.

"Бір шайқаста менің әкем қатты жарақаттанған, бір қолын оқ тесіп өткен. Себебі ол жүрегін қорғап қалған екен. Олай болмағагда мен қазір сіздермен осылай сөйлесіп тұрмас едім. Ол алдымен ауруханаға жатып, ауруға күш бермеуге тырысып бағады, кейін сауығып үйіне қайтты", - дейді Вакиль Ажбаков.

Бүгінгі шеруге ол өзінің немересін ерте келген екен.

Шеру Отан Қорғаушылар алаңында өз мәресіне жетті. "Мәңгілік полкта" қаз қатар жүріп өткен соғыс ардагерлерінің ұрпақтары Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Ресми деректер бойынша, бұл шараға шамамен жиырма бес мың қала тұрғыны қатысқан екен.

Репортаж "Победители" жобасы аясында дайындалды. Сондай-ақ халықаралық патриоттық жобаны ERG компаниясы қолдады.