Биыл жеңістің 74 жылдығы. Арадан осынша уақыт өтсе де аталарымыздың еррлігі ұмытылмақ емес, ұрпақтан ұрпаққа насихатталып келеді. Адамзат жаралғалы бері нешеме қанды қырғынды бастан өткізді. Солардың ауыры һәм қайғылысы Екінші Дүниежүзілік соғысы. Елімізден қан майданға 1,2 миллион адам аттанып, оның 400 мыңынан астамының артынан қара қағаз келді. 500 ден астам солдат пен офицер Кеңес одағының батыры атанды. Оның 97-сі қазақ еді. Көкірегін оққа тосқан қазақ жауынгерлері майданда ерекше ерлік көрсетті.
Жалпы бұл соғысқа 61 мемлекеттен 110 миллион адам қатысты. Соның тең жартысы қаза тапты. 4 триоллан доллар шығын шықты. Соңында фашизм күйреп, еуропа елдері азаттығын алды. Соғыста КСРО әскері ерекше ерлік көрсетті, соның алғы шебінде қазақтар да болды.
Бүгінгі бейбіт күнде Нұр-Сұлтандағы "Отан қорғаушылар" ескерткіші алдында ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев батыр бабаларымыздың рухына тағзым етіп, гүл шоғын қойды. Соғыста қыршын кеткен боздақтарымызды еске алып, бір минут үнсіздік жарияланды. Президент аталмыш шараға келген соғыс ардагерлерінің әр қайсысының қолынан алып, алғысын білдірді. Жасы 90-нан асқан қариялар әлі де тың, соғыс естеліктерімен бөлісті.
Жыл сайын 9 мамыр күні "Жеңіс күніне" орай түрлі шаралар өтеді. биылда сол әдеттен айнымай Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында еске алу шаралары өтті. Елордадағы Есіл өзенінің жағалауында түнгі сағат 23:00-де мерекелік отшашу болса, Алматы қаласындағы "Астана" алаңында қала әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі және эстрада жұлдыздарының қатысуымен "Тағзым" атты концерт концерт өтті.
Жалпы, қазір елімізде 1400-ден астам Екінші Дүниедүзілік соғыс ардагері ғана қалыпты. Жылдан жылға олардың да саны азайып барады. 1944 жылы КСРО армиясы Балтық бойын, Румынияны азат етіп, Болгарияға табан тіреді. 1945 жылы Кеңес армиясының Берлин операциясы (16 сәуір-2 мамыр) нәтижесінде Берлин алынды. 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхорстта КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгені жөнінде актіге қол қойды. Осылай Бүкіл Дүниежүзінің боздақтарының өмірін жалмаған сұм соғыс аяқталды.