Бүгін Жеңіс күні. Ажал мен азапқа толы жылдар қатпарлы тарих бетінде қалды. Тарих мәңгі, бейбіт өмір үшін біз жаужүрек батырларымызға тәу етеміз. Бұл күн - қан майданда парыз бен намысты алға қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, қараниет жауға төтеп берген, табанды дақайсармінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткенағаларымыз бен апаларымыздың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні... Үйіне, отбасына, ата-анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымызды, әпкелерімізді сарыла күткен сағыныш күні... Massaget.kz жастар порталы Қазақ елін Ұлы жеңіс күнімен құттықтайды. Біз ерлігі ешқашан өшпейтін боздақ батырларымызды мақтан етеміз, тылда еңбек еткен абзал аналарымыздан үлгі аламыз.