Бабалар рухына тағзым

Бабалар рухына тағзым
Фото: massaget.kz

Екінші дүниежүзілік соғыстың әр күні тарихтағы ең ауыр сәттер  сақталған парақтар болып қалмақ. Жеңіс оңайлықпен келмедіМайданда жан кешкен жауынгерлер қаны, тылда еңбек еткендердің тері бүкіл азалы күндерді қысқартуға сеп болды. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсті, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Бүгінгі ұрпақ ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді.  

Уақыт өз дегенін істейді. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Бірақ, жеңіс жолында тұтас ғұмырын майданда құрбан еткен бабалар рухы мәңгі жасай бермек.  

Елбасы өз жолдауында: "Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс" - деп жаңа Қазақстанның рухани бейнесін көрсетті. Расымен еліміздің рухани жаңғыруы үшін тарихтан тағылым алып, тау тұлғаларды қасиет тұту аса маңызды. Осы мақсатпен Massaget.kz ұжымы мен бір топ белсенді жастар Кеңсай шатқалында жерленген Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етті. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Сағадат Нұрмағамбетов басына барған жастар аруақтарға Құран бағыштап, топырақ салды.  

Massaget.kz