Жауынгер ұлдың анасына жазған хаты

Сәлеметсің бе, анашым!

Бірнеше күн бойы соғыс болып, өзіңе хат жаза алмадым. Біздің дивизиямыз бұрынғыша Мәскеу түбінде. Немістер екінші рет шабуылды бастады, бірақ, біз осы жолы Мәскеуді оларға беріп қоймаймыз. 

Бомба әлсін-әлсін жарылып, құлақты жеп қойған соң, бірден тамаша тыныштық орнады. Аспан ашық. Неміс бомбалаушыларының түтіні сейілді. Күн шақырайып шығып тұр. Аппақ қарға (соғыс ізін салмаған) қарап отырып, бәрі бітті, соғыс аяқталды деп ойлайсың. Есіме балалық шағым оралды. Иығымдағы жүгімді лақтырып тастап, шаңғы тебер ме еді, шіркін!

Бәрі алда, оған сенімім кәміл, қазіргі басты мақсатымыз – Мәскеуді қорғау. Қасымда жолдастарым бар. Біреуі ұйықтап отыр, екіншісі хат жазуда. Осы айлар ішінде көрмегеніміз жоқ, олар менің жан бауырыма айналды. Қасымда мені қорғайтын сенімді серігім бар. Бізге сен, анашым, бәріңді де қорғаймыз, үйімізді жауға бермейміз! Үйдің табалдырығынан сен мені күтіп аласың әлі, ол күн де туар... Өзіңді күт, анажан, менің бар ойым – өзің...

Алыстан әскердің үні талып естілді. Немістер шабуылға дайындалған сияқты. Қазір атыс басталады. Өз орныма қайтуым керек. Шешуші сәт туды!

Сені қатты құшақтадым, анашым. Қолым қалт еткенде тағы жазармын. 

1941 жыл, желтоқсан,

Ұлың.