Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де жақындап қалды. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Олардың артта қалған хаттарынан Отан ұғымын тереңірек түсінуге болады. Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылатын «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ» деген сөздің айғағы ретінде назарларыңызға ел азаматтары мен азаматшалары оқыған майданнан келген хаттар легін ұсынамыз.