Массагет ұжымы Қазақстан Республикасының барша ер азаматын 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтайды. Қазақ халқы бөріктісін көріктісі құрметтеп, зайыбы ерін әрдайым өзінен бір саты жоғары қояды.
Құрметті Отан қорғаушы сарбаздар, ер жігіттер, осындай биік бедел, асқақ абыройларыңыздан айырылмай, сұлулар сенер серігі болыңыздар. Жақындарыңыз аман, достарыңыз адал болсын.
Бауыржан Момышұлы ер жігіттің жеті қазынасын былай тізбектеген:
«Жүйрік ат − жігіттің қанаты. "Ат − ер қанаты" дегендей, атсыз жігіттің күні қараң болған.
Қыран бүркіт − жігіттің алғырлығы, бүріп түсер күш-қуаты.
Құмай тазы − сенімі, досқа адал беріктігі.
Берен мылтық − оты, қаһары.
Қақпан − серті, бірсөзді мәрттігі.
Алмас кездігі − сұсы, айбыны.
Сұлу әйел − ер-азаматтың артындағы қамалы, отының берекесі. Сұлу әйел деген тек бет көркі емес, оның жан тазалығы, ақыл-парасаты».
Осы жеті қазыналарыңыз түгел болғай!