Оралдағы мемориалдық мұражай үйінің қызметкерлері Невель қаласынан олжамен оралды.
Музейдің басшысы, көп жылдан бері сұрапыл соғыстың түп тарихын зерттеп жүрген Светлана Бектенова бұл жолы Мәншүктің пулемет бөлшектерін батыр туған топыраққа алып келіпті. Қарудың ұңғысы мен қалқаны және өзге де ұсақ-түйек бөлшектері жақсы сақталған.
«Ерлікпен қаза тапқан қайсар қыздың көп заты қазір музейде тұр. Бірақ бұл жолғы жәдігердің жөні бөлек»,– дейді мамандар.
«Бүгін біздің музейіміз үшін үлкен жаңалық, сенсация. Мәншүк музейіне осындай Мәншүктің пулеметі келді. Оны Невель қаласынан таптық. Патриоттық «Гвоздика» отряды бізге қолымызға берді»,– дейді Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық музей үйінің директоры Светлана Бектенова.
Дереккөз: inform.kz