Қазақтың батыр қыздарының киім үлгілері

Қазақтың батыр қыздарының киім үлгілері
Фото: tengrinews.kz

"Ерліктің қос қанаты деп білемін, Аяулы Әлия мен Мәншүгімді" деп батыр қыздарын қашан да құрметтеп өткен қазақ халқы оларға ерекше көңіл бөлген. Батырлық пен қайсарлық бойына біткен нәзік жанды сұлуларымыз қай уақытта да елім деп, жерім деп қасық қаны қалғанша табандылық танытып өздерінің ер азаматтардан кем емес екендігін көрсете білген. Жаугершілік заманның өзінде мұндай арулар көпшіліктен ерекше киініп, өздерінің батыр екендігін сырт көзге бірден байқатқан. Сол үрдіс бүгінгі таңда өз жолын тауып келеді. Сонау Керей мен Жәнібектің қазақ хандығын алғаш құруынан бастап, бүгінгі күнге дейін батыр қыздарымыздың тоғыз түрлі киім үлгісі болған екен. Жігіттердің киім үлгісіне ұқсас болғанымен, белгілі бір жерлерінде өзгешеліктер енгізілген. Мысалы, бас киімдерін айтуға болады.  

Бүгінгі таңда елдің тыныштығы мен бейбітшілігін сақтау жолында елімізде сегіз мыңнан астам сұлу қызмет етеді. Тарих қойнауына үңілсек, бірталай ғасыр бұрын Тұмар патшайым бастаған арулардың ерлігін бүгінгі сұлуларымыз да жалғастырып келеді. Арулардың жүректері нәзік болғанымен, заң баршаға ортақ. Сондықтан олар қатал тәртіптің қатты талаптарын орындауға әзір.

B. ZHAQSYMBET