9 мамыр. Әскердегі тағамдар

Сарбаздарға күн тәртібі не үшін қажет? Себебі, ол жігерді күшейтіп, мінезді ширатады. Бозбалаларды нағыз ер жігітке айналдырады және төзімділік пен жауынгерлік рухын жоғарылатады. Күн тәртібінің басты мақсаттарының бірі – сарбаздарға ауыр еңбектік міндеттерінен соң толық демалуға және күштерін қалпына келтіруге мүмкіндік беру.

Әскердегі қатаң күн тәртібіне уақытылы тамақтану да кіреді. Әскерде тамақтанудың негізгі идеясы – тағамның түрі мен берілу жиілігі емес, құнарлылығы мен тәртіптемесіне негізделген. Таза ауа, жаттығу және жарты сағаттық тамақтану нәтижесінде сарбаздарда бастапқы кезде үнемі қарны ашып тұрғандай алдамшы сезім пайда болады. Оларға аз және нашар тамақтандырып жүргендей көрінеді. Ағза мұндай күн тәртібіне шамамен жарты жыл уақыт өткен соң (кейде 2 айдан соң) жаңа шарттарға үйреніп, ол үзіліссіз жүйелене бастайды. Сондықтан сарбаздардың көпшілігі әскерден аздап салмақ қосып келеді. Төменде әскерде жиі беретін тамақтардың құнарлылығы және пайдасы туралы сөз қозғаймыз.

Қарақұмық (гречка) ботқасы

Қарақұмық ботқасы – дұрыс толық тамақтануға арналған бағалы диеталық өнім. Қарақұмық ботқасының құдылығы 100 гр өнімге 132 ккал құрайды. Қарақұмық ботқасымен бірге ағзаға фосфор, кальций, темір, марганец, цинк, мыс секілді пайдалы микроэлементтер кіреді. 

Арпа (перловка) ботқасы

Арпа ботқасы – арпа жармасын сүтте немесе суда қайнатып дайындайтын тағам. Арпа ботқасының калориясы 100 гр өнімде 106 ккал. Арпа ботқасында барлық пайдалы зат бар. Оның құрамына В дәрумені (жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады), А дәрумені (көздің көруін жақсартады және инфекциядан қорғайды) және D дәрумені (сүйек пен тісті қатайтады) кіреді. Арпаның басты байлығы – фосфор. Фосфор дұрыс зат алмасуға және мидың жақсы жұмыс істеуіне көмектесіп қана қоймай, "спортшылар үшін негізгі элемент" саналады. Себебі, фосфор бұлшықет күшін және жылдамдығын қамтамасыз етеді.

Макарон

Жоғары сұрыпты қайнатылған макаронның калориясы 100 гр өнімде 112 ккал. Макарон құрамында В1 дәруменінің көп пайызы болады. Ол дәрумен адам ағзасындағы энергияны сақтау үшін маңызды. Макаронда ақуыз мөлшері жеткілікті. Сондықтан қайнатылған макаронды жеуде майлы қабат жиналмайды, керісінше, бұлшық ет қатаяды. 

Бұршақ сорпасы

Бұршақ сорпасының калориясы 100 гр өнімде 66 ккал. Алайда бұл көрсеткіш сорпа құрамына қосқан басқа тағамдарға байланысты басқаша болуы да мүмкін. Бұршақ сорпасы – С, В және Е дәрумендерінің қайнар көзі. Олар жүрек ауруының алдын алады, ағзадағы зат алмасуды жақсартады және күйзеліс, ұйқысыздық кезінде көмектеседі. 

Картоп езбесі

Картоп езбесінің калориясы 100 гр өнімде 106 ккал. Картоп пюресінің құрамында крахмал, ақуыз, А, Е, С, В1, В2 дәрумендері, сонымен қатар, калий, кальций, фосфор, темір, натрий кездеседі. Картоп пюресі диеталық тағамға жатады. 

Жоғарыда айтылған тағамдар әскерде берілетін тағамдардың кішкене ғана бөлігі. Одан басқа сарбаздарға нан, май, ірімшік, сүт, жұмыртқа, жемістер, көкөністер, салат, котлет және т.б. тағамдар беріледі.