- Негізгі бет
- 9 мамыр 2015
- ҰОС жылдарындағы Қазақстан...
ҰОС жылдарындағы Қазақстан туралы фактілер
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
Ұлы Отан соғысы басталған шақта Қазақстанда 6 миллион халық тұрды. Миллионнан астам адам майданға шақырылды, бұл әр алтыншы адам соғысқа алынды деген сөз.
Республикадан он екі атқыштар дивизиясы, төрт ұлттық кавалерлік дивизия, жеті атқыштар бригадасы (оның ішінде екеуі ұлттық атқыштар бригадасы) майданға жіберілді. Одан бөлек, мұнда әртүрлі әскер жасақтарынан 50 полк және батальон құрылды.
Еңбек әскеріне 700 мың адам және өндірістік жұмыстарға 670 мың адам алынды.
Кеңес Одағы елдерінің ішінде Қазақстан азаматтары соғысқа ең көп тартылды. Соғыста қолданылған әрбір үшінші оқ Қазақстаннан жіберілген қорғасыннан жасалған.
Қазақстандықтар жауды алғаш Брест қамалында күтіп алды, Мәсукеуді, Ленинградты қорғады. Сталинград пен Курскты аман алып қалу үшін бастарын бәйгеге тікті. Белоруссия мен Украинаны азат етті. Еуропаны фашизмнен тазартты. Берлинде Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа ту тікті.
500-ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардың осы атақпен қатарынан екі мәрте марапатталды. Олар – Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский. Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы тек КСРО құлағаннан кейін ғана Батыр жұлдызын алды. 100-ден астам қазақстандық Даңқ орденін алды.
Әйткенмен Жеңістің бағасы жеңіл болмады. Майданға аттанған миллионнан астам жауынгердің 600 мыңына туған жер топырағы бұйырмай кетті.
Ұлы Отан Соғысы алшақтаған сайын қиын-қыстау заманды қасіретпен еске алатын ардагерлер саны азайып, жастардың соғысқа деген көзқарасы өзгеріп барады... Бірақ біз – кейінгі ұрпақ қантөгіскен шайқасқа толы, миллиондаған өмірді қыршыннан қиған соғысты, онда жеңіске дене мүшелерін айыр бастаған әкелеріміз бен аталарымызды жадымыздан шығармауымыз керек. Ол кісілер Отанға деген сүйіспеншіліктің қандай болуы керегін көрсетіп, патриоттықтың өшпес үлгісі болып кетті.
Қазбек Бейсебаев
@. @assel_assanova