ҰОС жауынгерлері жайында: Еділбаев Байсейіт, Зайнуллин Шаяхмет

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Еділбаев Байсейіт 1922 жылы Ақсу селосында туған. 1941 жылы 20 шілдеде майданға шақырылған. 1310-шы Суворов атқыштар ордені және 19-шы Богдан Хмельников полкінің 1-ші пулемет ротасының қатардағы жауынгері. Украин майданына қатысқан. 1945 жылы 13 ақпанда жараланып, емдеу орнына жеткізіледі. Келесі күні көз жұмады. Будапешт қаласының батысынан 11 км қашықтықтағы Пать селосына жерленеді.

 

Зайнуллин Шаяхмет (10.11.1922-19.02.1999) – ҰОС мүгедегі. Әскери қызметі – кіші сержант. ҰОС екінші дәределі орденімен, «1941-1945 ж.ж. ҰОС Германияны жеңгені үшін», «1941-1945 ж.ж. ҰОС қажырлы еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Өмірінің соңғы жылдарында кеңестік шаруашылық басқарма бөлімінде агроном қызметін атқарды. 1958 жылы Халық шаруашылығы жетістігі көрмесінің үлкен күміс медаліне және «тыңайған жерлерді игергені үшін» медальдарына ие болды.