ҰОС жауынгері Қуатбай Игіліковтің сүйегі Ресейден табылды.
Андрей Чеканов қазақстандық әріптестері мен достарына 2015 жылы Ресей іздеу жүйесі жазғы іздеу жұмысын бастағанын және Тверь облысы, Бельский ауданынан біздің қандасымыз – қазақ Қуатбай Игілікті тапқанын хабарлады. Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында туған. Қуатбай Игіліков – сержант, №610 полктің барлау бөлімінің командирі болғаны белгілі болды. 1942 жылы желтоқсанның 12-сі күні Калинин облысы, Нелидов ауданында ерлікпен қазақ тапқан. Соғыста жан тапсырған қазақстандықтың жасы 25-те.
Қуатбай Игіліков 1917 жылы Актөбе облысы, Қандыағаш бекеті, №36 үйде туған. Әкесі – Ушанов. Ұлы Отан соғысынан қалған дерек осы ғана.
Жауынгер Қуатбай Игіліковті басқа да 150 шақты майдангермен бірге қайта жерлеу рәсімі 2015 жылы 13 тамыз күні сағат 12:00-де болады.