Сергей Луганский 1918 жылдың 1 қазанында крестьян отбасында Верный қаласында дүниеге келген. Ұлты – орыс.
1936 жылы орта мектепті жартылай бітіріп, бақшада жұмыс істеді. Сол жылы Қызыл әскерге шақырылып, Орынбор ұшқыштар авиация мектебіне комсомолдық жолдама арқылы жібереліп, 1938 жылы бітірді. Сол бойда 14-ші авиациялық бригадада қызмет ете бастады.
1939-1940 жылдары кіші лейтенант Сергей Луганский Кеңес-Финляндия шайқасына қатысып, 59 рет ұшып, жаугершілік ұшақтың біреуін құлатқан. Бұл ісі үшін Қызыл жұлдызға ие болды.
Екінші дүниежүзілік соғысының басында Луганский ЛаГГ-3 ұшағында жауды қирату мақсатымен ұшатын, сол кезде ол 4 ұшақты құлатқан.
1942 жылдың 14 қыркүйегінде капитан Луганский ЛаГГ-3 ұшағымен 13-гвардия атқыштар дивизиясына көмек ретінде жау қолына ашық шабуыл жасаған.
1943 жылдың 2 қыркүйегінде шабуылмен 221 рет ұшып, жау ұшақтарын 18 рет жеке және 1 рет топтық шабуылмен құлатқаны үшін Сергей Данилұлы Луганский капитанына Кеңес одағының Батыры атағы беріліп, кейіннен тағы Ленин атындағы орденмен және «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталған.
1944 жылдың маусымында ол авиаполктың командирі болып тағайындалды. Сол жылдың 1 шілдесінде Луганский екінші «Алтын жүрек» медалімен марапатталды. Румынияда ол Алма-Ата комсомолдарының сыйлаған ұшағымен ұшып жүрді.
Соғыс ақыры жеткенде Сергей Луганский шабуылмен 390 рет ұшып, жау ұшақтарын 37 рет жеке өзі және 6 рет топ ішінде құлатып түсірді.
1949 жылы Сергей Луганский Соғыс-әуе академиясында оқуын бітіріп, командир қызметінде жұмыс істеді. 1964 жылы авиацияның генерал-майоры ретінде запасқа жіберілді. «На глубоких Виражах», «Небо остается чистым» атты кітаптар жазды.
«На глубоких Виражах» кітабының сюжеттері «Соғысқа тек «шалдар» барады» фильмінде пайдаланған.
Соғыс ардагері Сергей Луганский 1977 жылдың 16 қаңтарында Алматыда қайтыс болып, жерленген. Қазірде Алматыда Сергей Луганский атындағы көше бар.