- Негізгі бет
- 9 мамыр 2015
- Төрт жауынгерді өлімнен...
Төрт жауынгерді өлімнен құтқарған командир
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Сыздықов Зейнолла Әбілмәжінұлы 1907 жылы туған, Петропавл тумысы. Туған қаласында жасақталған 314-ші атқыштар дивизиясы құрамында шайқасты. Қызыл белгі орденін беру жөніндегі бұйрықтың көшірмесі: «1941 жылы 27 қыркүйекте пулеметпен, автоматпен атқылап, гранат лақтырып, оқты мылтықпен атып, тынымсыз тырмысып жатқан сегіз адамнан құралған топты басқарып, қарсыласты тұқыртып, өзіміздің бөлімшенің алға жылжуына жолдас Сыздықов жағдай жасады. 1941 жылы 24 қазанда окопта жалғыз қалып, қарсыластарға гранат лақтырып, саяси жетекші мен жаралы взвод командирі окоптан шығуына мүмкіндік туғызды, өзі екі жаралы жауынгерді өлімнен алып қалды. Жолдас Сыздықов төрт адамның өмірін құтқарды».
1945 жылы 9 сәуірде жеңіске бір ай қалғанда миномет ротасы, 70-ші тау-атқыштар бригадасының командирі, кіші лейтенант Сыздықов Зейнолла Моравск-Остравск операциясына шыққанда ауыр жарақат алып, қаза болады. Польшада жерленді.
@. @assel_assanova