- Негізгі бет
- 9 мамыр 2015
- Тәуелсіздік алғанға дейін...
Тәуелсіздік алғанға дейін еңбек еткен ардагерлер
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Бертаев Сайлаубек 1909 жылы Алматы облысы, Бақанас ауданы, Бақанас селосы, 6-шы ауылда ауқатты отбасында дүниеге келген. Кеңес үкіметі орнаған соң оның отбасының бар байлығын тәркілеп, өздерін құртып жібереді. Тек тірі қалған біздің нағашы атамыз Сайлаубек болды.
1933 жылдан 1935 жылға дейін Қызыл әскерде 50-ші атқыштар полкінде борышын өтейді.
1941 жылы 20 маусымда майданға шақырылады. 1943 жылы шілдеге дейін 1291-ші атқыштар полкі құрамында взвод командирінің көмекшісі болып қызмет етті, әскери қызметі – кіші лейтенант. 1943 жылы Сталинград түбіндегі шайқаста бөксесінен жарақат алды. ҰОС қыруар медальдарымен марапатталды. Сайлаубек атаның жыл сайын асыға күтетін мерекесі Жеңіс күні болатын.
Соғыстан қайтқан соң ел үшін еңбек етіп, 1991 жылы көз жұмады. Артында бес бала, бірнеше немересі қалды.
Биғалиев Закир 1911 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Бисен ауылында дүниеге келген. Ташкенттегі Орта Азия университетінде оқыған. Метеп директоры болып қызмет еткен. 1941 жылы майданға шақырылады. Әскери билеті сақталмаған. Сталинград, Ленинград шайқастарына қатысып, Германияға дейін барған.
Ұзақ уақыт тұтқында болда. Тұтқыннан қашып бара жатқанда аяғы жараланған.
«Отанды қорғағаны үшін», «Сталинград үшін шайқас», «1941-1945 ж.ж. ҰОС Германияны жеңгені үшін» марапаттарына ие болған.
1945 жылы үйіне оралған. Немістерде тұтқында болғаны үшін мектепке жұмысқа алмаған. 1961 жылы қайта кіріп, биология, химия, еңбекке баулу пәндерінен сабақ берген. 65 жасында зейнетке шығып, бес бала тәрбиелеген. 1991 жылы өмірден озды.
@. @assel_assanova