Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
Әр отбасы өз ата-әжесін мақтан тұтады. Мен атам Қасабеков Ілияс жөнінде баяндағым келеді. Оның тағдыры мені әрдайым таңдандыратын. Жасөспірім шағында ашаршылық заманда отбасынан айырылған. Балалар үйінде өскен. Соғыстың басынан аяғына дейін қатысып, тірі қалған.
Алматыдағы ауылшаруашылық институтында бірінші курсты 12 күн оқып, 1940 жылы әскерге шақырылған. Байкал әскери аймағында саперлер батальонында үш жыл әскери борыш өтеді. 1943 жылы майданға сұранып барады. Соғыстың аяғына дейін 106-шы сапрелер батальонында диверсант, сапер, барлаушы болады.
Курск доғасында Прохоровка селосы түбіндегі ең ірі танктік шайқасқа қатысады. Ахтырканы азат етуде қатты жарақат алады. Үш ай бойы ештеңе естімей, тілге келмей жатады. Мамаевка селосының жолын минадан тазарту тапсырылады. Тапсырманы толық орындап, «Ерлігі үшін» медалін алады. Үш рет тапсырма орындауға жөнеледі. Бірінші тапсырманы орындауда жеңіл жараланады.
Үшінші тапсырма орындауда үш неміске арандап қалады. Бір пулеметшіні өлтіреді. Екінші неміске бара жатқанда үшіншісі артынан пышақ тығып, екі қабырғасын сындырады. Тағы да үш айға госпитальге түседі.
Жазылып шыққан соң Польшаны азат етуге Краковке жіберілді. Тапсырманы түпкілікті орындап, «Үшінші дәрежелі Еркектік» медаліне ие болады. Дрезденде сфейтор дәрежесімен 8 мамыр күні жеңісті қарсы алады. Ал 9 мамыр күні гитлерлік әскердің қалғанын құрту үшін Прагада болады. Көрсеткен ерлігі үшін атама Сталин үш рет алғыс айтып, хат жібереді. Бірақ ол соғыс аяқталысымен үйге келуге асықпаған. 1945 жылы 7 қарашада болған Жеңіс шеруіне қатысқан.
Соғыстан қайтқан соң Алматыға келіп, Қазақ педагогикалық интситуттың тарих факультетіне түседі. Оқып жүріп, өзінің курстасы, менің әжем Забила Алпысоваға үйленеді. Оқуларын аяқтап, Шығыс Қазақстандағы Шыңғыстау ауылына оралады, тарих пәнінен мұғалім болып қызметке тұрады. Атам қызметте көтеріліп, оқу ісі меңгерушісі болды. Ал әжем елдің еңбек сіңірген ұстазы атағын алып, Оралхан Бөкей сынды елдің беткеұстар тұлғаларын тәрбиеледі.
Қасабеков Ілияс XX ғасырда халық басына төнген бүкіл қатерді көзімен көріп, ұзақ та мәнді ғұмыр кешті. 2009 жылдың қарашасында 89 жасына жеткенде бізді тастап, мәңгілік өмірге аттанды.
Арай Қасабекова