- Негізгі бет
- 9 мамыр 2015
- Соғысқа қатысқан жерлестеріміз...
Соғысқа қатысқан жерлестеріміз жөнінде 38 факт
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
1. Соғыс басталмас бұрын әскерге 178 000 қазақстандық жас аттанды (оның 40 600-і қазақ), соғыс басталған соң 1 366 000 адам майданға алынды, 790 356 адам еңбек әскеріне тартылды. Отанды қорғауға 5183 қыз қатысты.
2. Ұрыстың алғашқы сағаттары мен бірінші күндерінде-ақ Қазақстан аумағында әскери бөлмідерді құру басталды. 12 атқыштар, 4 кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, 2 артиллериялық дивизион, 4 минометтік, 3 әуелік полк, 14 бөлім батальоны. 3 кавалериялық дивизия мен 2 атқыштар бригадасы қазақ ұлтынан құралды.
3. Өнеркәсіптік жұмыстарға 670 000 адам тартылды.
4. Жазаланған, көшірілген адамдар саны Қазақстанда 1,5 миллионға жетті.
5. Фашистердің алғашқы шапқыншылығы аңызға айналған Брест қамалынан басталды. Онда 505-ке жуық қазақ болған.
6. Мәскеу үшін шайқастың өзгелерден ерекшелігі – онда Алматыда құрылған 8-ші гвардиялық Панфиловшылар дивизиясы болды. Одан өзге Семей қаласында, Өскеменде құрылған атқыштар дивизиясы, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан тұрғындарынан құралған әскери моряктар, Ақтөбе және Ақмола облысынан атқыштар дивизиясы Мәскеудегі ұлы шайқаста бой көрсетті.
7. Баршаға белгілі 28-ші панфиловшылар 1941 жылы 16 қарашада Мәскеудегі Дубосековская разъезі түбінде ерен ерлік көрсетіп, астананы жаудан аман алып қалды. Клочковтың: «Шегінерге жол жоқ, артымызда – Мәскеу» деген атақты афоризмі сол кезде туды. 1941 жылы 16 қараша – 316-шы атқыштар дивизиясының қаһармандық танытқан күні болып тарихта қалды.
8. Ленинградты қорғауда Қазақстаннан 310-шы және 314-ші дивизия белсенділік көрсетті, Ленинград түбінде шайқасқан жауынгерлердің үштен бірі қазақстандық жауынгерлерден құралды.
9. 1941 жылы қыркүйектің қысымды күндерінде Ленинградқа қазақтың атақты ақыны Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңі жетті. Оны орысшаға аударып, қабырғаларға жабыстырып, радиомен таратты. Жауынгерлер осы өлеңді құрандай жаттап, қайталай айтып жүрді, рух алды, жігерленді.
10. Сталиндік шайқасқа Қазақстанда жасақталған 5 атқыштар, кавалериялық дивизия, теңіздік атқыштар дивизиясы, минометті полк, көпір салушы батальон қатысты. Басын бәйгеге тіккен Кеңес Одағының батыры – қарағандылық ұшқыш Нұркен Әбдіров, минометші Қарсыбай Сыпатаев, лейтенант Гаяз Рамаев осы шайқаста батырлығын байқатты.
11. Курск түбіндегі Украина, Белоруссия, Чехословакия, Австрия, Германия т.б. азат ету жолында мыңдаған қазақстандық өмірін құрбандыққа шалып, әскери ерлік көрсетті.
12. Берлин үшін шайқаста ең алғаш болып Рақымжан Қошқарбаев рейхстагқа жеңіс туын тікті.
13. Қиыр Шығыстағы партизандық қозғалысқа мыңдаған қазақстандық қатысты.
14. ҰОС-дағы ерлігі үшін 499 қазақстандық «Кеңес Одағының батыры» атағын алды, оның 87-сі қазақ.
15. Ерлігі үшін бірінші, екінші, үшінші дәрежелі орденмен марапатталған қазақтардың бас-аяғы 110-ға жетті.
16. Майданда 601 011 адам қаза тапқан, оның 130 мыңы қазақтар. Демек, қолына қару алған әрбір екінші қазақтың басын соғыс жалмаған.
17. Қазақстаннан ең алғаш Кеңес Одағының Батыры атағын алған павлодарлық шаруаның баласы, танктік әскердің генерал майоры Кузьма Александрович (1941 жылы 22 шілде).
18. Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар қатарында қазақтың қаһарман қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова да бар. Екеуі де майданда қаза тапты, қазақтың мақтанышына айналды. Олар Кавказ, Шығыс елдері бойынша атақ алған бірден-бір қыздар.
19. Хиуаз Доспанова – әскери ұшақтың алғашқы ұшқышы, Халық қаһарманы. Өз еркімен майданға аттанып, бомбалау техникасын үйренді. 200-ден астам ұшуға қатысып, бірнеше рет өлім аузынан қалды. Жауға жойқын салды. 86 жасқа дейін өмір сүрді. Көптеген мемлекеттік марапаттарға ие болды.
@. @assel_assanova