Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді
Кедин Илья Антонович (1925-2004). Алматы облысы, Лепес ауданы, Андреевка селосында туған. 1943 жылдан 1949 жылға дейін Қызыл әскер қатарында жапондармен шайқасты. Соғыстан соң ауылға оралып, үйленді, үш бала өсірді. Соғыс туралы айтқысы да, есіне де алғысы келмейтін.
Кедин Михаил Антонович (1912-1941) – үлкен ағасы. Мәскеу түбіндегі айқаста қайтыс болған. Басқа еш дерек жоқ.
Жазған: ұлы Кедин Владимир Ильич
Квашнев Данил Трофимович Калинин майданында 1-ші отряд батальоны, 277-ші гвардиялық атқыштар полкі, 91-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы гвардия сержанты. 1943 жылы 14 тамызда Клипки ауданында болған қарсыласпен қоянқолтық шайқаста бір от орнын талқандап, екі гитлершінің сөзін жойды. «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 1975 жылы Мәскеудегі шеруге шақырылды.
Квашнев Иван Трюмович 1921 жылы туып, қырықыншы жылдары қайтыс болған. 1942 жылы хабарсыз жоғалып кетті.
Гартик Андрей Иванович 1906 жылы туған. 1942 жылы жоғалғаннан еш дерек жоқ.
Демин Леонид Семенович хабарсыз кеткендер қатарында.
Квашнев Александр Трофимович 1927-2013 ж.ж. 1985 жылы ҰОС екінші дәрежелі орденімен марапатталған.
Рубайло Виктор Иосифович 1926-2009 ж.ж. 16 жасынан бастап Алматы ауыр машина құрастыру зауытында қызмет етті. Соғысқа снаряд жіберіп тұрды. 1944 жылы Қызыл әскер қатарына алынып, Алматыдан майданға аттанды. 2-ші Белорус майданында соғысты.. «Максим» пулеметін қолданып, мықты пулеметчик болды. «Қызыл Жұлдыз» орденіне және «Германияны жеңгені үшін» медаліне ие болды. Екі рет жарақат алған. Польша жерінде жүргенде жеңіс туы көтерілді.