Осыдан жетпіс жыл бұрын қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған күн болатын, таң ата бере фашиттік Германия Кеңес Одағына шабуыл жасады. Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен көптеген қазақ азаматтары соғысты бірінші болып қарсы алды. Бұл соғыс кенет басталғанымен бүкіл Кеңес Одағы соғысқа жұдырықтай жұмылып дайындалды. Барлық комиссариаттарға соғысқа барғысы келетін еріктілер көптеп ағыла бастады. Мектеп партасында отырған бозбала, бойжеткендерден бастап жиналған адамдардың барлығы соғысқа өз еркімен сұранды. Соғыс кезінде біздің республикамыздан 6 млн 200 мың адамның ішінен 1 млн 200 мыңнан астам қазақ соғысқа шақырылған.
Соғысқа мыңдаған дивизиялар, мыңдаған жеңіл және жүк көліктер, көптеген тракторлар мен арбалар жөнелтілген еді. Қазақтар көптеген әскер мен флот, дивизиялар құруға үлкен үлес қосты. 1941-1946 жылдары 42 мыңнан астам қазақ жастары әскери оқу орнына жөнелтілген еді. Соғыс кезінде жұмыс істеген 27 оқу орнынан 12 мыңнан астам офицер дайындап шығарылды. Өте аз уақыттың ішінде Қазақстан аумағына 150-ден астам кәсіпорын, 550 мыңнан астам адам көшірілді. Соғыстың алғашқы жылдарында Қазақстан аумағында көптеген кен өндіретін фабрикалар, көмір шахталары, кен орындары, мұнай кеніштері мен мұнай өңдейтін зауыттар жаңадан іске қосылған еді. Соғыс жылдары марганец, мыс, полиметалл сияқты кендердің көп бөлігін Қазақстан аумағында өндірген. Соғысқа қажетті мыстың үштен екі бөлігі Қазақстанда өндірілген. Сондықтан да, соғыста атылған он оқтың тоғызы Қазақстан аумағында өндірілген. 1941 жылы КСРО-да ұшақ және танк жасауға ақша жинау басталды. Соғыс кезінде Қазақстан халқы соғысқа арналған техника жасау үшін 480,3 миллион рубль жиналған. Бір жылға жетпейтін уақыттың ішінде Қазақстаннан 45 жаңа танк алынды және де кейінірек халық қаражатына тағы да көптеген эскадрилия, катерлер мен ұшақтар жасалды. Қазақстанның ауыл шаруашылығы да жеңіске жетуге үлкен үлес қосты. Соғысқа миллиондаған пұт астық, миллиондаған пұт картоп және көкөніс, миллиондаған киллограмм ет, мыңдаған центнер сүт, мыңдаған центнер жүн және т.б. заттар жіберілді. Ерлердің барлығы соғыста болғандықтан зауыттарда әйелдер, балалар мен қарттар еңбек етті. Соғыс уақытында жұмыс күндері де ұзартылды. 6 апталық, 23 сағаттық жұмыс күндері белгіленді. Бүкіл халық «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті. 1942-1944 жылдары 507 мың балқар, қарашай, ингуш пен шешен халқы, 110 мың түрік-месхетиндер, 180 мың қырым татарлары жер аударып соғысқа аттанды. Жараланған жауынгерлер мен офицерлер тиелген пойыздыр күн сайын келді. Көптеген әскери госпитальдар мен ауруханалар Алматыда құрылды.
Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы-мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстаққа Жеңіс туын тіккендердің бірі-қазақ жігіті - Рақымжан Қошқарбаев. Партизандар қатарында, жаудың тылында да шайқасқан қазақтардың бірі - Қасым Қайсенов. Танымал қолбасшы, әскери жазушы - Бауыржан Момышұлы. 28 панфиловшылар сияқты қазақ азамат, азаматшаларының ерен еңбегімен келген жеңісті қадірлей білейік!
Жолдаған: Сайдалин Мағжан
6 «Б» сынып оқушысы
Б.Атыханұлы атындағы № 36 гимназия,
Алматы қаласы, Алмалы ауданы
Жетекшісі: Мақпал Сембай
Сурет: ortcom.kz