Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
Жангелдин Тоқтағали 1916 жылы Семей облысында туған. 1938 жылы Қазақ педагогикалық институтын аяқтаған соң, педагогтық қызметке тұрады. 1940 жылы қызыл әскер қатарына шақырылып, ҰОС-қа қатысып, артилерриялық взвод командирі болады. Кескілескен шайқаста Жангелдин ауыр жарақат алып, Беларусь қозғалысына партизандар қатарына кіреді. 1944 жылға дейін Борисов қаласы түбінде «Коля атай» бригадасы қатарында болады. Партизандар оны бригада комиссарының орынбасары етіп тағайындады. Соғыстағы қайтпас қайсарлығы мен батылдығы үшін көптеген орден және медаль иеленді. Соғыстың ауыртпалығы мен қасіреті Тоқтағалидің сағын сындырмады.
Соғыс аяқталған соң Тоқтағалиды Қазақстанның Орталық комитетіне жіберді, Алматыда хатшылық қызмет атқарды. Орталық Комитет оны Мәскеуге Жоғары партиялық мектепке оқуға жібереді. Оқуы аяқталған соң, Қазақстанның Жоғары партиялық мектебіне оқытушы болып орналасады.
1954 жылы Қоғамдық ғылымдар Академиясын аяқтап, Мәскеуде философиядан диссертация қорғайды. Партия басқармасында бөлім меңгерушісі, кейін Институт директоры қызметтерін абыроймен атқарды.
Оның жазған монографиясы Шоқан Уәлиханов атындағы жүлдеге ие болды. Сонымен бірге, Беларусь қозғалысы жөнінде повестер мен әңгімелер жинағын жарыққа шығарды.
Отан алдындағы адал қызметі үшін Т.Жангелдинді «Қызыл Еңбек Жұлдызы» орденімен екі мәрте, «Құрмет белгісімен», чехословакиялық орден «Партизандық жұлдыз» және қазақстанның бірнеше орден, медальдарымен марапатталды.
Ауыр жараланған соң, 1973 жылы Алматы қаласына жерленді. Бүгінде Қазақстанның Орталық мұражайында Т.Жангелдиннің өміріне арналған стенд бар. Беларусь мұражайында соғысқа белсенді қатысқан партизандар қатарында суреттері тұр. Тоқтағалидың Алматыда өзі тұрған үйінде мемориалдық тақта орнатылған. 2004 жылы Белоруссияның ескерткіш медалі берілді.