Сендер соғыстың не екенін білмейтін боласыңдар

Сендер соғыстың не екенін білмейтін боласыңдар
Фото: anatili.kazgazeta.kz

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Саперлік батальон командирі Б. Бұлқышевтің достарына жазған хаты

1942 ж. мамыры – 1944 ж. 3 ақпанынан кеш емес

Батыс майданынан "Комсомол шындығына" жөнелтілген хаттардан, 1942 ж, мамыр

... Соғысқаныма 300-ден артық күн өтті. Осы уақыт ішінде еліміз де, адамдар да өзгерді, мен де өзгердім. Мен сарбазға, сұсты адамға айналдым, он ай бұрын оқу мен сүйікті қызын армандаудан өзге ештеңе білмейтін жеткіншек болды деп мені ешкім де айта алмас еді. 

Жастық шағым адамзат шаруасына қызмет етуде. Оны өзіме қайтара алмайтын шығармын, бірақ, кіші інілеріме қайтарамын, олар осы бір сұрапыл жылдары жауға қарсы тұрған адамның бәрімен мақтанатын болады. 

Кіші інілерім менің! Сендер ең бақытты адам боласыңдар, ондай адамдарды тарих та көрмеген. Сендер соғыстың не екенін білмейтін боласыңдар. 

Біз сендердің бақыттарың үшін өзімізді құрбан қыламыз, сендерге мәңгілік бейбітшілік қалдырамыз. 

Р. Роза