Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Лепесов Сембай 1922 жылы Қазақ ССР Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Көкөзек селосында туған. 1942 жылы 11 қарашадан 1946 жылы 4 маусымға дейін әскери қызметте болды. 1-ші Белорус майданында шайқасты. Атқыштар ротасы, 800-ші атқыштар полкі, 143-ші атқыштар дивизиясында командир болды. Соғыстан капитан шенімен ораллды. Төрт жерінен жарақат алды.
Лейтенант Сейсембай Лепесов 1944 жылы 6-8 шілдеде Волын облысы, Ковельский ауданында неміс шабуылшыларымен шайқаста асқан батылдық, ерлік көрсетті. Бұйрық берілгенде Сейсембай Лепесов және оның взводы «Ура!» деп ұрандап, жауға лап қойды. Осы ұрыста ол жарақат алды.
Днепрден тезедетіп өту керек болғанда С.Лепесов бастаған взвод біріншілердің бірі болып өзенді кешіп өтіп, арғы жағаға жетті. Сейсембай 14 барлаушымен бірге барлауға қатысты. Олар өз жерінде шайқасып, одан кейін тылда 8 немісті өлтіріп, бір немісті тұтқынға алды.
1945 жылы 5-8 мамырда Фишбей және Шенхаузен жерінде өткен ұрыста Сейсембай Лепесов ротаны басқаруда озық ой тауып, жеңісті бір табан жақындатты. Фишбей жерінде қарсыластар пулеметті-минометті от қойып, жаяу әскердің алға жылжуына мүмкіндік бермеді. Сейсембайдың бұйрығы бойынша немістер атуын тоқтатқанда олардың траншеяға жетіп, қоян-қолтық ұрыс бастады. Нәтижесінде, 4 пулеметтік жерді талқандап, 15 шақты гитлершіні құрдымға жіберді. Фишбей мен Шенхаузен жерін ешқандай шығынсыз басып алды.
Берлинде рота командирі, кіші лейтенант Сейсембай Лепесовке арық арқылы көпірді алу тапсырылды. Кескілескен шайқаста 60 жауынгерден жетеуі ғана тірі қалды, ал көпір алынды. Тапсырма орындалды.
Соғыс кезінде Сейсембай Лепесов ҰОС бірінші дәрежелі орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «1941-1945 ж.ж. ҰОС Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.
Шынар Лепесова