Сәлемет пе, қымбатты Мурочка.
Біріншіден, қуанышымды сенімен бөлісуге асығып отырмын. Мура, сен біздің бөлім мен командирдің ұрыстағы ерлік істері жөнінде газеттердің қанша рет жазғанын білесің және радиодан бірінші рет естіген жоқсың ғой. Демек, маған сүйікті астанамызды қорғайды деп артылған сенім ақталды. Мурочка, сен тіпті біздің жауынгерлер мен командирдің қандай шынайы патриот екенін елестете де алмайсың. Жаумен арыстандай алысады, әрқайсының жүрегінде жауды Отанға аттап басқызбау, жексұрындардың көзін аяусыз жою міндеті тұрады. Мура, бүгін майдан бұйрығымен жүздеген жауынгер, дивизия командирі Одақ орденімен марапатталды. Екі күн бұрын мені үшінші Қызыл жұлдыз орденімен марапаттады. Мура, бұл әлі бастамасы ғана. Менің дивизиям жақында гвардиялық болуы керек деп ойлаймын, ендігі үш батыр бар. Біздің ұранымыз – барлығымыз батыр болу. Мура, сау бол. Газеттерден көз алма, большевиктердің ісіне куә боласың.
Мурочка, өздеріңнің жағдайларың қалай, Қырғыздардың (қазақ) қалы қалай? Балалардың оқуы қалай? Бәрінен бұрын менің Макушечкам қалай? Сіздерді сондай сағындым. Жуық арада фашизм аяқталады деп ойлаймын, сонда қайтадан ұлы коммунизм құратын боламыз. И.В.Панфилов.
Валяда да бәрі жақсы, жақында орден иеленіп қалар деп ойлаймын, оны партияға қабылдады, қызметіне дән риза. Мурочка, мен саған 1000 рубль жібердім...
Қымбатты Мура, сен өте сараңсың, мүлдем жазбайсың. Осы уақытқа дейін сенен жалғыз-ақ хат алдым. Жиірек жазшы, үйден бір қағаз алу қандай шаттық екенін білесің ғой. Жауап жаз. Сені және балаларды (Женя, Вива, Галочка, және менің сүйікті Макочкам) сүйдім. Бәріне сәлем айт... Хат жаз, мекенжай: Әрекеттегі армия, дивизия штабы. Сүйдім, сенің И.Панфиловың. Валядан сәлем.
Ұқсас жазбалар:
9 мамыр. 28 панфиловшы
Баубек Бұлқышев: "Таңертең ұрысқа Отанды ойлай аттанамын!"