Өзге ұлт өкілдері қазақ жауынгерлері жайында #4

1-бөлім

2-бөлім

3-бөлім

Матусов Григорий Исаакович: «Мен Жақай Асылбековпен жолдас болдым, ұлты қазақ, менен жиырма жас үлкен. Демалыста қаланың сыртына шығуға рұқсат алып, бірге шығатын едік. Жақай тым ақылды адам, өте адал дос. Соғысқа дейін Қостанайда не Торғайда қалалық партияның екінші хатшысы, өнеркәсіп орынбасары болып қызмет еткен.

***
Мен «Жамбаев» деп тегімен атайтын кіші лейтенант қазақ механик болды. Жасы 40-45-тер шамасында, қысқа бойлы, қараторы. Айтуына қарағанда, әскер қатарында жүргеніне жеті жыл болған, Ұлы Отан соғысына қырық бесінші жылдың көктемінде ғана келген, Алматыда отбасы мен төрт баласы қалған екен».

Мулер Мовша (Михаил) Самуилович: «Ұрыста барлық ұлт өкілдерінің ішінде қазақтар мен қырғыздар өте данышпан, табанды болды. Бірде ұзын бойлы қазақ жігітіне кез болдым, өткелде өзімен «максим» пулеметін алып жүр екен. Станокты пулеметті жиналған қалпында алып жүру үшін арнайы доға болды, пулеметті бір сарбаз алып жүре алады, сонымен бірге ұңғы жоғары қарап тұрды. Бәрекелді, барын салып жүр деп бұл жігітті есімде сақтап қалдым».

Зинов Лукьян Петрович: «Жарымжандық салдарынан есімде қалған үзік сәттер мынау болды. Шығысқа қарай кетіп жатырмыз, кетіп жатырмыз, шынын айтқанда, азық етерге түк қалмады. Бәрінен бұрын аптап, шөл қатты қинады. Бірде жаңбыр жауғаны есімде, біз жолдағы шалшықтардан 1-2 тамшы ұрттадық. Былай бидай дәні мен арпа жармасын жейміз. Бәрібір қарнымыз ашады. Сондықтан бір күні кешке әлдебір қыстаққа кіруді шештік. Бір апайдан жерге азық сұрадық, ол дереу: «Сіздер кетіп қаласыздар, бізге бірдеңе қалдырасыздар ма? Менде нан жоқ», - деп жауап берді.

– Тым болмаса, жейтін бір нәрсе беріңізші.

– Ештеңе жоқ! Бұл жерден мүлдем табандарыңызды жалтыратыңыздар, әйтпесе, немістерді шақырамын.

Сөйтсек, ол жерде немістер жүр екен. Бізге қоқан-лоқы көрсетті, ал біз ары қарай кетіп қалдық. Жақын жерден тоғанға жолықтық, онда он шақты қаз шомылып жатыр. Біз оларды ұстап алып, пісіріп жеуді ұйғардық. Мен осы топтағы танкші жігітпен достастым. Өте өкінішітісі, не есімі, не тегі есімде қалмапты. Кіші сержант, қазақ, бірақ орысша таза сөйлейтін еді. Біз онымен шелек іздеуге кеттік. Сол үйге қайта оралдық, құдықта екі қауға шелек тұр екен. «Ішінде не бар екен, көрейік»,- деді ол. Біреуінде сүт, екіншісінде сары май бар екен. Есік ашық тұр. Тасаға келдік, қапты сипалап жүріп біреуіне тұз, біреуіне ұн салдық. Оларды да өзімізбен алып кеттік. Мая пішен үстінде қаз пісіріп, нан пісіріп, тамақтанып алдық. Ал таңда күйе-күйе болған шелектерді орнына апарып қойдық. Апайды көріп:

– Апай, біз төрт шелек етіп қайтарамыз, - дедік.

– «Нехай!», менікі емес, - қарады да, – «Як?»

– Біз сізден сұрадық қой.

– Сіздер не істегенсіздер?

– Қаз пісірдік.

– Қандай қаз?

– Анау көлде жүзіп жүрген...

– Олар менің қаздарым еді ғой.

Онымен әлі сөйлесіп тұрмыз, ендігі немістер быжынап кеткенін елестіп үлгердік. Бірақ ол: «Нехай, мүмкін менің ерім де бір жерде аштан-аш қаңғып жүрген шығар», - деп оспақтай сөйлеп, бізді таң етті».

Ұқсас жазбалар:

9 мамыр. Соғыс ардагері жастарға ризашылығын білдірді

Ашаршылықтың қорқынышы естен кетпейді #2