1-бөлім
2-бөлім
Бровкин Алексей Иванович: «Бригада солдаттарын Украинада жасақтағанда жауынгерлердің көпшілігі украиндер болды. Кейін келіп қосылған бес евреймен толықты. Бір татар болды, ол соғыстан кейін №10 автобустың жүргізушісі болып қызмет етті, қазір өмірде жоқ. Армиян Иван, сосын Костя Жанұзақов деген қазақ болды. Костя жетімдер үйінен шыққан есер жігіт еді. Рота сапқа тұруға кетіп бара жатса, ол қалып қояды. «Жанұзақов, тұр, неге қалып қойдың?» десең, ол: «Мен қалып қойған жоқпын, өздерің ғой мені тастап бара жатқан»,- деп әр сөзін қалжыңдай айтатын еді. Майданда бір аяғынан айырылды. Соғыстан кейін маған келді, жанында жұбайы мен ұлы бар. «Жылдың үздік тергеушісі» деген мақтау қағазы мен медаль алғанын көрсетті».
Гусов Владимир Дмитриевич: «Белоруссияда жүргенде мынадай жағдай болды. Немістермен шайқасқанымызда олар екі жолға түсті. Біз төрт солдат болып барлауға ұштық. Менің жанымда Бекетов деген қазақ болды. Үйге қайтып келе жатқанымызда ол жарақат алды және мотор істен шығып қалды. Ол орнынан қозғала алмайды, ал біз ашық алаңда қалып қойдық. Мен өз жігіттеріме үйге қайтыңдар дедім, ал немістер оның отырғанын көріп, жақындап келе жатты. Мен оны кабинаға қарай сүйредім, ал біздің кабина өте тар. Ол жер құрал-саймандар, тетіктерге толып тұр. Соған қарамастан сүйреп кіргіздім. Біз ұшып бара жатқанда немістер оқ жаудырды, бағымызға орай, ешбірі тиген жоқ. Оны үйге жеткіздім».
Шарапов-Антонов Юрий Павлович: «Курсанттар көп ұлттан құралды. Біз бір отбасы болып кеттік және бір-бірімізбен өте жақсы түсіністік. Орыстар мен өзбектердің, украиндер мен қазақтардың, татарлар мен басқа да ұлттардың еш айырмашылығы байқалмады. Ғұмырлы достық пен түсіністік орнаған еді».
Эльяш Михаил Наумович: «Танкшілер жасағына ерекше сын болды деп айта алмаймын. Экипажда әр түрлі жастағы, сан түрлі ұлт өкілдері болды. Біздің танкші орыстар мен украиндер арасында еврейлер, татарлар, қазақтар аз болған жоқ. Мысалы ұстаз Мамедов, Бақыт Буша деген қазақтар болды. Экипаждағы танкшілер ішінде ешқандай партияға мүшелік етпеген адамдар да, коммунистер де, он сегіз жасар жігіттер де, көп балалы қырық жасар ерлер де болды. Сондықтан, меніңше, ешқандай ерекшелік болмаған сияқты.
Кричевский Залман Матусович: «Мәлім болған мағлұматтар қызыл әскер қатарына шықырылған ортаазиялық ұлттар жөнінде аса жаңсақ пікірде. Қазақтарға ешқандай наразылық болған емес».
Ұқсас жазбалар:
Ашаршылықтың қорқынышы естен кетпейді #2
КСРО кезінде кімдердің жалақысы жоғары болған?