Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.
Кітап аудармасынан үзінді:
Никандров Иван Васильевич: «Біз өте жақсы қарым-қатынаста болдық. Қазақтар аса жақсы, қайсар да адал адамдар болды. Мұндай адамдарға зор сеніммен қарауға болатын еді».
Каплан Ян Павлович: «Қырық үшінші жылдың басында жаяу әскер қатарында қазақтар, татарлар, башқұрттар сияқты Орта Азия өкілдері өте көп болды. Олар туралы да ұмытуға болмайды. Отан «кімге – ана, кімге – өгей ана» екенін ойланбастан, адамдар Советтік Отан үшін бастарын өлімге тікті».
Тюленев Владимир Иванович: «Бізде әр түрлі ұлт өкілдері борыш өтеді. Өздеріңіз қараңыздар: партия ұйымдастырушысы Кенжеғалиев пен взвод командирі Шалқынбаев – қазақтар, дәрігер – грузин Згуладзе, фельдшер – чуваш Горохов, ту көтеруші – өзбек Мамаруза Насыров, екінші партия ұйымдастырушысы – тәжік Хамит Нәдіров, орыстар тіпті көп, барлық ұлт өкілдерінен өте-мөте ала-құла болып құрастырылған гүлшоқ сияқты едік. Бірақ ешкім ешқашан ешкімді жазғырған жоқ, ешкімге тіл тигізген жоқ, әрдайым тату түрде шайқастық және «өзіміз», «өзге» деп еш солдатты бөлген жоқпыз. Ешқандай алауыздық, жанжал туған жоқ, тіпті соғыс кезінде бір шептегілер ешкім ешкімге ешқашан әлімжеттік жасағанын көрген емеспін».
Баев Николай Данилович: «Экипаждағы арақатынас – халықтар достығының көрінісі. Өз ротаммен түскен фотосуретімді жоғалтып алғаныма қынжыламын, ол суреттің артына «Белорустар, өзбектер, қазақтар – кім болмап еді» деп жазған болатынмын. Ал ротамыз үлкен болған жоқ – 5 танкте үш-үш адамнан, 15 адам. Бәріміз арамыздан қыл өтпестей тату болдық. Зенит артиллериясының атқышы қазақ болды, ол екеуміз тіпті бір үйдің балаларындай болып кеттік, соғыс аяқталған соң да, аралас-құралас болып, бір-бірімізге 80 рет қонаққа бардық».
Ермолинский Василий Петрович: «Біздің шепте белорустар, украиндер, орыстар, қазақтар, қазандық татарлар, еврейлер ұрысқа қатысты. Кім болмады дейсіз, Совет одағында өмір сүрген барлық ұлт өкілдері, тұтқыннан қашып құтылған жауынгерлер де бізге қосылып, ерлікпен шайқасып жүрді. Бізде ұлттық ерекшелікке байланысты бөліну деген ұғым атымен болған жоқ. Бізді соғысқа дейін советтік құрылым солай тәрбиеледі. Сен кімсің, қандай ұлт өкілісің – маңызды емес. Бастысы, сенің қандай адам болуың!»
Жалғасы бар...
Ұқсас жазбалар:
Нүркен Әбдіров – көк аспанда қалықтаған Сарыарқа сұңқары
Ұлы Отан соғысы жылдарында жамбылдықтардың ерлігі қандай болған?